31 желтоқсан 2019 09:08

СҚО-да метан газы тиелген көлік аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Телеарна сюжетінің кадрынан Телеарна сюжетінің кадрынан

Солтүстік Қазақстан облысында метан газы тиелген көлік аударылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Солтүстік Қазақстан облысында метан газы тиелген көлік аударылды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

Тәртіп сақшылары қауіпті аймақты дереу қоршауға алды. Ресейдің Екатеренбург қаласынан Нұр-Сұлтанға бағыт алған көлік Қызылжар ауданы маңында аударылған.

Телеарнасы мәліметі бойынша, көлік цистернасында 17 тонна метан болыпты. Газ толы көлік тіркемесінің ешбір жері тесілмей, көлікті көтеруге бірнеше кран жұмылған. Одан әрі елордаға жеткізуді метан газына тапсырыс берген компания өз мойнына алған. Ал аударылған көліктің жүргізушісі дін аман.

"Ресей Федерациясының жүргізушісі рөлді басқара алмай, куветке төңкерілген. Аталған жолкөлік оқиғасының салдарынан жүргізуші шамалы зақымдар алып, ауруханада медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді", - деді СҚО жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Баян Байғаскина.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети