29 сәуір 2022 15:48

СҚО-да үй өртеніп, 4 адам қаза болды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: СҚО ТЖД Фото: СҚО ТЖД

Солтүстік Қазақстан облысында жекеменшік үй өртеніп, салдарынан 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.


Солтүстік Қазақстан облысында жекеменшік үй өртеніп, салдарынан 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі СҚО ТЖД мәліметіне сілтеме жасап.

Оқиға 29 сәуірде болған. Ведомство мәліметінше, сағат 3:28-де кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының Май ауылында жекеменшік үй өртеніп жатқаны туралы ақпарат келіп түскен. Ауыл ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 53 шақырым жерде орналасқан. Көршілердің айтуынша, өрт кезінде үйде адамдар болған.

"ТЖ орнына аудан орталығының № 8 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіру қарауылы шығып, дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндіру бөлімшесі келген сәтте үй ашық жалынмен жанып жатқан. Өртті сөндіру "Майское-Агро" шаруа қожалығының ерікті өртке қарсы құралымымен жүргізілді. Олар келгенге дейін жергілікті тұрғындар 1963 жылы туған әйелдің денесін тауып сыртқа шығарған. Өртті жою барысында үш ер адамның денесі табылды: 1958 жылы туған үй иесі және осы үйге келген 1975 және 1967 жылғы қонақтар", - делінген хабарламада.

Сурет: ТЖД

Сонымен қатар, өрт сөндірушілер үйден бір газ баллонын алып шыққан.

"Өрт 5 сағат 00 минутта ауыздықталып, 5 сағат 40 минутта толық сөндірілді. Өртті сөндіруге 4 техника мен өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамынан, ЕӨҚҚ мен жергілікті тұрғындардан 14 адам жұмылдырылды. Үй толығымен өртеніп кетті. Оның себебі мен материалдық залал көлемі анықталып жатыр", - деді ТЖМ өкілдері.

ТЖД мәліметінше, Ақжар ауданында ТЖ бөлімі және өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері жылыту кезеңінің басынан бастап 3500 адам тұратын 992 тұрғын үйді аралап, 1 мың данадан астам үгіт материалдарын таратқан. Көрсетілген мекенжай бойынша тұрғын үй секторын аралау 2021 жылғы қыркүйекте жүргізілген екен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети