24 қазан 2023 09:12

СҚО-дағы ауруханада қару ұстаған жасөспірім дәрігер мен науқасқа шабуыл жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Петропавловск.kz Фото: Петропавловск.kz

23 қазанда Солтүстік Қазақстан облысындағы облыстық көп бейінді балалар ауруханасына 17 жастағы үш жасөспірім кіріп, жанжал шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


23 қазанда Солтүстік Қазақстан облысындағы облыстық көп бейінді балалар ауруханасына 17 жастағы үш жасөспірім кіріп, жанжал шығарған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Медициналық ұйымның бас дәрігері Нұрлан Аймановтың айтуынша, жасөспірімдер рұқсатсыз кірген. Олар медицина қызметкерлері мен күзетшілердің ескертулерін құлаққа ілмеген. Олар ешкімді тыңдамай, былапыт сөздер айтып, "шабуылын" жалғасытырған.

"Олар аурухананың екінші қабатына 15 жастағы науқас құрбысын көру үшін барған мыс. Жасөспірім оны дәлізге сүйреп шығарып, отырғызып, басынан ұра бастаған. Дәрігерлер мен медбикелер ескерту жасағанда, 17 жастағы А. қыздың балдағын жұлып алып, невропатологтың ішінен ұрған. Сосын қалтасынан тапаншасын шығарып, әдепсіз сөздер айтып, күш көрсетемін деп қорқытқан", — дейді Нұрлан Айманов.

Осыдан кейін ол бірінші қабатқа түсіп кеткен. Қашып бара жатып есіктің әйнегін сындырып, қолын жарақаттап, кейін екінші есікті сындырған. Сосын ол қарумен қорқытып, қашып кеткен. Бұл факт полицияға хабарланған. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети