СҚО-дағы қарақшылық шабуыл: "ҚазМұнайГаз" батыл кассир мен күзетші жайлы айтып берді

03 Қаңтар 2018, 17:26
0
СҚО-дағы қарақшылық шабуыл: "ҚазМұнайГаз" батыл кассир мен күзетші жайлы айтып берді -

СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасалған кезде оқиға орнында болған кассир әйел мен күзетші көрсеткен батылдықтары үшін марапатталады , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазМұнайГаз Өнімдері" өкілдері сілтеме жасап.

Компаниядағылардың айтуынша, бетперде киген екі ер адам 2017 жылдың 31 желтоқсанында сағат 21.57-де Солтүстік Қазақстан облысындағы  Белое ауылындағы жанармай бекетіне шабуыл жасаған.

"Біреуі күзетшіге, екіншісі кассирге шабуыл жасады. Күзетші оның шабуылына тойтарыс беріп, операторлардың бөлмесінде тұрған дубинкамен кассирды ұрып жатқан екінші ер адамды ұрып-соға бастаған. Нәтижесінде шабуыл жасаған екеуі жанармай бекеті аумағынан қашып кеткен", - деп хабарлады компаниялағылар күзетші мен кассир әйелдің айтқандарына сүйене отырып.

Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, сағат 22.15-те полиция келіп, оқиға орнында криминалистер жұмыс істеді. Жедел-іздестіру және тергеу шаралары жалғасып жатыр. Кассир әйелдің ауруханаға жатудан бас тартқаны хабарланады.

"ҚазМұнайГаз Өнімдері" мәліметінше, жанармай бекетіне еш шығын келтірілген жоқ.

"Жанармай бекетінің күзетшісі мен кассир әйел көрсеткен батылдығы мен ерлігі үшін марапатталады", - деді "ҚазМұнайГаз Өнімдері"  ЖШС өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін СҚО-да жанармай бекетіне шабуыл жасағандардың іздестіріліп жатқаны хабарланған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай