15 қыркүйек 2021 09:30

СҚО-дағы спорт мектебі 12 жастағы велошабандоздың өліміне қатысты пікір білдірді

© instagram/skopetro © instagram/skopetro

Солтүстік Қазақстан облысындағы спорт мектебі Петропавл маңындағы республикалық тасжолындағы 12 жастағы велошабандоздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысындағы спорт мектебі Петропавл маңындағы республикалық тасжолындағы 12 жастағы велошабандоздың өліміне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еске салайық, сейсенбі, 14 қыркүйекте жас спортшы қызды жүк тасымалдайтын көлік қағып кетті. Спортшы оқиға орнында қайтыс болды. Қайғылы оқиға кезінде қасында әкесі әрі жаттықтырушысы болған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ПЕТРОПАВЛОВСК КАЗАХСТАН ❤ СКО (@skopetro)

Велосипед спортынан олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі өкілдері бес бала таңертеңгі жаттығудан кейін әуежай ауданынан Петропавл қаласының маңындағы Бескөл кентінде орналасқан базаға оралғанын айтады. Қайғылы оқиға кейінгі бұрылысқа арналған жолақты ауыстыру кезінде болған. 

"Кесте бойынша ол таңғы жаттығу болатын. Біздің балалар жолға шыққан кезде олармен үнемі көлік жүреді. Жттықтырушы артында келе жатады. Жаттығудан кейін олар сағатына 20 шақырым жылдамдықпен жүреді, одан артық жүрмейді. Яғни балалар жаттығуға келіп, әуежайға барып келді, оларға ешкім кедергі жасаған жоқ. Сосын әуежайдан шығып, базаға оралған. Олар тасжолға шыққан кезде оң жақпен жүрген, ал Бескөлге бұрылуы үшін сол жақпен жүруі керек болған. Неге олай болғанын ешкім түсіндіре алмайды, көлік болған, балаларда дайындық бар, бәрі форма, каска киген", - дейді спорт мектеп басшысының орынбасары Алла Винникова.      

Оның сөзінше, балаларды бірге алып жүрген жаттықтырушы спорт мектебінде 2002 жылдан бері істейді, екінші санаттағы біліктіліктің жоғары деңгейі бар. Қызының велоспортпен айналысып жүргеніне үш жыл болған, бұған дейін жергілікті деңгейдегі түрлі жарысқа қатысқан.  

Бүгінде жол апатына байланысты соталды тергеу жүріп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети