14 қыркүйек 2015 10:22

Скрипкашы әріптестерінің көзінше Шымкенттегі театрдың терезесінен секіріп кетпекші болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар мен полицейлер оқиға орнында. © tvk-uko.kz Құтқарушылар мен полицейлер оқиға орнында. © tvk-uko.kz

Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында қайғылы оқиға бола жаздады. Есімі әлі күнге айтылмаған скрипкашы ғимараттың терезесіне шығып алып, әріптестерінің көзінше секіріп кетпекші болды. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлады.


Шымкенттегі облыстық опера және балет театрында қайғылы оқиға бола жаздады. Есімі әлі күнге айтылмаған скрипкашы ғимараттың терезесіне шығып алып, әріптестерінің көзінше секіріп кетпекші болды. Бұл туралы TVK телеарнасы хабарлады.


© tvk-uko.kz

Өз-өзіне қол жұмсауға әрекеттену бойынша хабарлама кезекші бөліміне 10 қыркүйек күні кешке түсті. Театрға жедел жәрдем, құтқарушылар мен полиция жол тартты. Театр қызметкерлері абдырап, үйлеріне қайтпады, оқиға орнына күш құрылымы мен қалалық полициядан басшылық келді.


Театр қызметкерлері. © tvk-uko.kz

Құтқарушылар мен полицейлер оқиға орнында. © tvk-uko.kz


© tvk-uko.kz

Сонымен қатар, құтқарушылар отрядының психологы Клара Үсенова басты қиындықты мойнына алды. Ол скрипкашыны соңғы қадамды жасаудан құтқарып қалуға тырысты. "Мен келгенде ол терезеге шығып алып отыр екен. Ол басында қатты ашуланып: "Маған психолог керек емес, маған ештеңе қажет емес" деді. Кейін мен оны жұбаттым", - деп еске алды маман. Психологпен тілдескеннен кейін скрипкашы өзіне қол салу туралы ойынан қайтты.


Психолог Клара Үсенова. © tvk-uko.kz

Оқиғадан кейін куәгерлердің барлығы бір-біріне сұрақ қоя бастады: Жас келіншекті мұндайға не итермеледі екен? Театр жетекшілерінің нұсқасы бойынша, оны мұндай әрекетке басшылықпен болған жанжал итермелеген.


© tvk-uko.kz

"Бұл себеп оның менің кәсіби және адами абыройыма нұқсан келтіруіне байланысты туындады. Біз мінез-құлқына байланысты оны тәртіптік жиналысқа шақырдық. Оның мұндай қылығын біз бірінші рет көріп тұрған жоқпыз, оған ауызша түрде ескерттік, бірақ жазаламадық", - деп мойындады теарт директорының орынбасары Аманғали Ордабеков.


Аманғали Ордабеков. © tvk-uko.kz

Телеарнаның мәліметінше, сол жанжалдан кейін әртіс өзіне қол салмақшы болған. Театр әкімшілігіндегілер әйелге қатысты оны жұмыстан шығару түріндегі шараны қолдану жоспарда болмағанын айтып отыр. Еңбек келісімшартын бұзу туралы мәселе қазір де жоқ. Скрипкашы оқиғадан кейін ауруханаға барудан бас тартты. Өзін ренжіткендердің үстінен полицияға арыз түсіретіні, не түсірмейтіні әзірше белгісіз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети