СІМ Грузияда ұсталған қазақстандықтың ісіне қатысты маңызды мәліметті жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

СІМ Грузияда ұсталған қазақстандықтың ісіне қатысты маңызды мәліметті жариялады Бейнеден кадр

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грузияда 18 жастағы қазақстандықтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде сатып алды, сақтады және өткізуге көмектесті деген күдікке ілінгені хабарланды, деп жазады Tengrinews.kz.


Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Грузияда 18 жастағы қазақстандықтың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Ол есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде сатып алды, сақтады және өткізуге көмектесті деген күдікке ілінгені хабарланды, деп жазады Tengrinews.kz.

Толығырақ

Ведомствоның мәліметінше, отандасымыз 2026 жылғы 22 сәуірде Грузияның Имерети өңірінде ұсталған.

"Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Грузияның құқық қорғау органдары біздің азаматымызға Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы 1-бөлігінде көзделген "Есірткі заттарын заңсыз сатып алу және сақтау" бабы бойынша айып тағып отыр", - деп хабарлады министрлік.

Бап

Грузия ІІМ бұған дейін тергеу 260-бап бойынша жүргізіліп жатқанын хабарлаған болатын. Бап бойынша 20 жылдан бастап өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырылғаны айтылды.

Сонымен қатар Қазақстан СІМ істің санкциясы алты жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратын 260-баптың 1-тармағы бойынша қаралып жатқанын нақтылады.

Сондай-ақ Қазақстан консулы істің барлық мән-жайын анықтау үшін Грузияның құзыретті органдарымен тікелей байланыста екені атап өтілді. Мәселе министрліктің бақылауында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Грузия ІІМ екі шетелдіктің - Қазақстан мен Украина азаматтарының ұсталғаны туралы хабарлаған болатын. Оларға есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, сақтау және өткізуге көмектесу бабы бойынша айып тағылуда.

Редакция оқиғаның дамуын бақылауды жалғастырады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 460.8   543.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер