Грузияда 18 жастағы қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Грузияда 18 жастағы қазақстандық өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін Бейнеден алынған кадр

Грузияда 18 жастағы Қазақстан азаматы есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды, сақтады және өткізуге жәрдемдесті деген айыппен ұсталды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Грузия ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Грузияда 18 жастағы Қазақстан азаматы есірткі заттарын ірі және аса ірі мөлшерде заңсыз сатып алды, сақтады және өткізуге жәрдемдесті деген айыппен ұсталды. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Бұл туралы Грузия ІІМ мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мән-жайы

Ведомствоның ақпараты бойынша, ел аумағында әртүрлі уақытта 2008 жылы туған екі шетелдік - Қазақстан және Украина азаматтары ұсталған.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ұсталғандарды жеке тінту, сондай-ақ олардың уақытша тұратын жерлерін тінту және тергеу экспериментін жүргізу барысында құқық қорғаушылар көрсетілген орындардан заттай айғақтар - аса ірі мөлшердегі "метадон" есірткі затын тәркіледі.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері есірткі заттарын өлшеп-орауға пайдаланылды деген болжаммен тиісті материалдарды тауып, тәркіледі.

Тергеу амалдары Грузия Қылмыстық кодексінің 260-бабы бойынша жүргізіліп жатқаны нақтыланды. Аталған бап 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Редакция ақпаратты растау үшін Қазақстан СІМ-не сауал жолдады.

Айта кетейік, 21 сәуірде 22 жастағы қазақстандықтың БАӘ-де өмір бойына бас бостандығынан айырылғаны белгілі болды. СІМ мәліметінше, 2026 жылғы 18 наурызда Дубайдың бірінші инстанциядағы соты оны бірқатар ауыр қылмыс бойынша кінәлі деп танып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын кесті, сондай-ақ айыппұл салды. Қазақстандық апелляциялық шағым түсірді, үкім заңды күшіне енген жоқ. Қазақстан елшілігі БАӘ-нің құзыретті органдарына ресми сауал жолдады.

Бұған дейін жігіттің туыстары "Ақ Жайық" порталына оның 2024 жылы БАӘ-ге табыс табу үшін кетіп, ол жақта жүргізуші болып жұмыс істегенін айтқан болатын. Туыстары бұған дейін журналистерге оның кінәсіне сенбейтіндерін және жала құрбаны болуы мүмкін екенін мәлімдеген.

Кейбір басылымдар бұл істі 2025 жылғы Жаңа жыл қарсаңында Дубайдағы Finiko қаржы пирамидасының негізін қалаушылардың бірі Эдвард Сабиров тұрған виллаға жасалған шабуылмен байланыстырады.

Кейін Қазақстан СІМ Дубайда өмір бойына бас бостандығынан айырылған қазақстандықты экстрадициялау туралы әзірге талқыланып жатқан жоқ екенін мәлімдеді.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 460.16   539.1   6.13 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер