ШҚО-да бір әйел мен екі қыздың мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да бір әйел мен екі қыздың мәйіті табылды

Шығыс Қазақстан облысында үйлердің бірінен жергілікті әйелдің және оның екі қызының мәйіті табылды. Кіші қызы бар-жоғы 6 айлық болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысында үйлердің бірінен жергілікті әйелдің және оның екі қызының мәйіті табылды. Кіші қызы бар-жоғы 6 айлық болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қатон-Қарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылында орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінен үш мәйіт табылды. Қазір тәртіп сақшылары оқиға орнында жұмыс істеп жатыр.

"34 жастағы әйел мен оның кәмелетке толмаған екі қызының өлімі дерегі сотқа дейінгі бірыңғай тергеу реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды. ШҚО ІІД басшылық осы істі ерекше бақылауға алды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Алдын ала мәлімет бойынша, қаза болған қыздардың жасы - 10-да және 7 айлық. Сондай-ақ, қыздардың денесінде жарақаттар болғаны анықталды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети