ШҚО-да пойыз жеңіл көлікті соқты: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да пойыз жеңіл көлікті соқты: Оқиғаның мән-жайы анықталды

ШҚО-да желілік полиция бөлімінің өкілдері көлікті пойыз соққан апаттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды YK-news.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ШҚО-да желілік полиция бөлімінің өкілдері көлікті пойыз соққан апаттың мән-жайын айтты, - деп хабарлайды YK-news.kz.

Еске салайық, Шығыста жүйіткіген пойыз жеңіл көлікті соққан болатын. Көлік тізгінінде 70-ке қараған қарт кісі отырған. Абырой болғанда, зейнеткер аман қалды. Жантүршігерлік жол апаты таспаға түсіп қалды. Ал 68 жастағы зейнеткер ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, жазылып шыққан соң кінәлі жүргізуші жауапкершілікке тартылады екен. 

"Жеңіл көліктің 68 жастағы жүргізушісі жолаушылар пойызының жақындап қалғанына қарамастан шойын жолды кесіп өтпек болған. Одан қалды, жүргізуші бағдаршамның қызыл жанып тұрғанын көрген де екен, алайда дәл сол сәтте көлік тұрып қалған. Пойыз сүйреген көліктің сау-тамтығы қалмады", - деп хабарлады "Өскемен-1" станциясы желілік полиция бөлімінің аға инспекторы Лариса Бектасова. 

Жол апаты салдарынан тек жеңіл автокөлік емес, пойызға да зақым келген. Қуанышқа орай, жолаушылар дін-аман.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети