22 қазан 2021 14:27

Студент Семейде адам сенгісіз жағдайда жол апатынан аман қалды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Студент Семейде адам сенгісіз жағдайда жол апатынан аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Студент Семейде адам сенгісіз жағдайда жол апатынан аман қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қыз жылдамдықпен соқтығысқан екі машинаның арасында болған.

Апат 20 қазанда сағат 16.00-де қала орталығында, Орталық полиция бөлімінен бірнеше қадам жерде болды. Жол қиылысында екі көлік соқтығысқан. 31 жастағы Lexus LX 570 жүргізушісі қосалқы жолдан шығып, 51 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Mitsubishi Outlander көлігіне жол бермеген. Жүргізуші рөлді игере алмай, апат орнынан бірнеше қадам жерде тұрған кәмелетке толмаған жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Содан кейін көлік кафенің қабырғасын бұзып кірген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Астана Сергек 24/7 (@astana_sergek)

Апат болған сәт бейнебақылау камерасымен түсірілген. Кадрларда екі көліктің жол жиегінде тұрған адамның алдында қалай соқтығысқаны көрінеді. Ол 2004 жылы туған студент болып шықты. 

"Қыз жарақат алды. Құдай сақтап, қайтыс болғандар жоқ. Бәрі аман. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер Семейдегі жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қазір сот-медициналық сараптама тағайындалды, сараптама нәтижесі бойынша шешім қабылданады", - деп хабарлады ШҚО полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети