04 қыркүйек 2023 17:02

Сыртқы істер министрлігі Түркиядағы қазақстандық журналистің қазасына пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: trthaber Сурет: trthaber

Түркиядағы отандасымыздың екі жасар қызымен бірге қаза табуына орай Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркиядағы отандасымыздың екі жасар қызымен бірге қаза табуына орай Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

СІМ мәліметінше, 3 қыркүйекте Түркияның Алания қаласында жол апаты болып, салдарынан қазақстандық отбасы зардап шеккен.

"Қайғылы оқиға орнында 1989 жылы туған әйел мен оның екі жасар қызы қайтыс болды. 1986 жылы туған ер адам, ауыр жағдаймен реанимацияда жатыр. 2014 жылы туған ұлы да ауруханада, оның денсаулығы бірқалыпты, өміріне ештеңе қауіп төндірмейді", - делінген хабарламада.

Қазақстандық дипломаттар отбасының туыстарымен байланысып, барлық қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетеді.

Министрліктің ақпаратына сәйкес, отбасы Түркияда саяхаттап жүрген және бүгін елге оралуы керек еді.

Бұған дейін қазақстандық журналист қызымен бірге Түркиядағы ЖКО-да қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети