Шымкент әкімі байбалам салмауға шақырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент әкімі байбалам салмауға шақырды

Ғабидолла Әбдірахымов Instagram желісіндегі парақшасында Шымкент қаласына еш қауіп жоғын жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ғабидолла Әбдірахымов Instagram желісіндегі парақшасында Шымкент қаласына еш қауіп жоғын жазды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

"Арыс қаласында қайғылы жағдай болды. Оқ-дәрі қоймасында өрт шықты. Біз тұрғындарды эвакуациялау үшін жедел жәрдем кареталарын және автобустарды жібердік. Қалада адамдарды қабылдау үшін жатақханалар дайындап жатырмыз. Барлық атқарушы органдар сақадай-сай дайын отыр. Қажет болған жағдайда еріктілерді шақыратын боламыз. Әзірге олардың керегі жоқ. Барлығынан байбалам салмауға шақырамын және жарылыстардың тоқтауы үшін дұға етейік. Шымкен қаласы үшін ешқандай қауіп жоқ. Біз зардап шеккендерге көмектесеміз", - деп жазды Әбдірахымов. 

Арыс қаласы түгелдей эвакуацияланады - Шүкеев

Естеріңізге салсақ, бүгін Түркістан облысындағы Арыс қаласында әскери бөлімшенің территориясында жарылыс болған еді. Қала тұрғындары Желіде жарылыстың видеоларын таратып жатыр. 

Бұған дейін Қорғаныс министрлігі жарылыстардан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет тіркелмегенін хабарлаған болатын. Ал қала әкімдігі тұрғындардың жаппай қауіпсіз жерге көшіріліп жатқанын хабарлаған. Ал Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жарылыстың зардаптарын жою жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсыған.

Арыстағы жарылыс: 34 адам дәрігердің көмегіне жүгінді

Арыс қаласында болған жағдайға байланысты Шымкент қаласы ТЖ департаментінде "Қауырт желісі" жұмыс істейді - тәулік бойы 8 (7252) 44-94-72.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети