15 желтоқсан 2016 10:32

Таиландта Қазақстан азаматы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таиландта демалуға барған Қазақстан азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР СІМ өкілдері растады.


Таиландта демалуға барған Қазақстан азаматы қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл мәліметті ҚР СІМ өкілдері растады.

"Расында да 14 желтоқсанда Пхукет аралында 42 жастағы ер адам мейманхананың 5-ші қабатынан құлап, қайтыс болды. Ер адамның Таиландқа 5 желтоқсанда жалғыз келгені белгілі болды (...) Қазір Таиландтағы полицейлер қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Біздің консул ондағы полицейлермен байланыста. Бұл мәселені мәмілегерлер ерекше бақылауға алды", - деді ҚР СІМ баспасөз қызметіні басшысы Әнуар Жайнақов.

Таиландтағы жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ер адам Пхукет аралығындағы мейманхананың терезесінен секіріп кеткен. Оқиға орнына келген полицейлер ер адамды ес-түссіз жатқан күйінде көрген. 42 жастағы ер адам оң аяғын сындырып, бетінің сол жағын да жарақаттаған. Дәрігерлер оны ауруханаға жеткізген. Алайда ол науқастарды қабылдау бөлмесінде көз жұмған. The Phuketnews мәліметінше, полицейлер ер адамның мейманханадағы бөлмесінен алкоголь ішімдіктердің бос бөтелкелерін тапқан. Ал мейманхана әкімшілігіндегілер ер адамның 5 желтоқсанда келгенін және 16 желтоқсанда қайтуы тиіс болғанын айтты.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, қаза тапқан қазақстандықтың есімі - Темірәли Рысқұлов. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети