Тайваньда әуе апатынан 50-ден астам адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайваньда әуе апатынан 50-ден астам адам қаза тапты TransAsia Airways ұшағы. ©Planespotters.net.

Тайваньда әуе апатынан 50-ден астам адам қаза тапты, - деп хабарлайды AFP жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап. Әуе апаты 23 шілде күні күндіз болды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тайваньда әуе апатынан 50-ден астам адам қаза тапты, - деп хабарлайды AFP жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап. Әуе апаты 23 шілде күні күндіз болды.

Жергілікті биліктің мәліметінше, TransAsia компаниясының жолаушылар ұшағы бортында 58 адам болған, оның төртеуі - экипаждың мүшесі. "51 адам қайтыс болды, жеті адам жарақат алды", - деп хабарлады Тайвань азаматтық авиация өкілі Шен Чи (Shen Chi). Ал жергілікті өрт департаменті басшысының мәліметінше, ұшақ апатынан 45 адам қаза болды.

Тайваньдағы оқиға Украинада болған трагедияның ізін ала қайталанып отыр. 17 шілде күні Malaysia Airlines компаниясының Амстердамнан шығып, Куала-Лумпурді бетке алған ұшағы Украинаның оңтүстік-шығысында апатқа ұшыраған еді. Лайнер бортында 298 адам болған, олардың бәрі қаза тапты. Киев ұшақты халық жасақтарының атып түсіргенін мәлімдеді. Донецк өкілдері болса, ұшақты ондай биіктіктен атып түсіретін қаруының жоқ екенін айтты. Әуе апатынан қаза тапқандардың арасында Мельбурнге конференцияға бара жатқан СПИД-ке қарсы күрес жөніндегі 100 маман болған. ҚР Сыртқы істер министрлігі марқұм болғандардың арасында Қазақстан азаматтарының жоқ екенін хабарлады.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети