18 шілде 2014 10:59

Украинада апатқа ұшыраған Боингта қазақстандықтар болмаған - СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украинада апатқа ұшыраған "Boeing Malaysia Airlines" жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары болмаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап. 


Украинада апатқа ұшыраған "Boeing Malaysia Airlines" жолаушылар ұшағында Қазақстан азаматтары болмаған, деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмахановқа сілтеме жасап. 

"Қазіргі алдын ала ақпаратқа сәйкес, ұшақ бортында қазақстандықтар болмаған", - деді Айтмаханов телефон арқылы. 

Айта кетейік, кеше, шілденің 17-сі күні Украинаның Донецк облысында Амстердамнан Куала-Лумпурға бағыт алған малайзиялық "Boeing-777" жолаушылар ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Украина ішкі істер министрінің кеңесшісі Антон Геращенконың Facebook-тегі парақшасындағы мәліметке қарағанда, ұшақ бортында болған 280 жолаушы мен экипаждың 15 мүшесі түгел қаза тапты. Геращенконың мәліметінше, жолаушылар ұшағын ресейлік "Бук" кешенінен атып түсірген.

Ал Росавиацияның хабарлауынша, малайзиялық "Боингті" атқан украиналық зымыранның негізгі көздегені Ресей президенті Путиннің ұшағы болуы мүмкін. Ресей президенті Владимир Путиннің өзі Malaysia Airlines әуе компаниясының "Боинг-777" ұшағының апатына Украинаны айыптап отыр. "Сөз жоқ, осы қайғылы оқиға қай елдің территориясында болса, сол ел осы апатқа жауапты. Егер жер бетінде бейбітшілік болса, Украинаның шығысында әскери қақтығыстар қайта-қайта жаңаланбаса, осындай қайғылы оқиға болмас еді", - дейді президент. Ғаламторда Boeing-ті атып түсіргені туралы телефон әңгімесі пайда болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети