18 шілде 2014 10:03

Украиналық зымыран Путиннің ұшағын көздеген болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Владимир Путиннің ұшағы - Ил-96-300.  luxury-accessories.ru сайтынан Владимир Путиннің ұшағы - Ил-96-300. luxury-accessories.ru сайтынан

Малайзиялық "Боингті" атқан украиналық зымыранның негізгі көздегені Ресей президенті Путиннің ұшағы болуы мүмкін деп санайды Росавиация деректері.


Малайзиялық "Боингті" атқан украиналық зымыранның негізгі көздегені Ресей президенті Путиннің ұшағы болуы мүмкін деп санайды Росавиация деректері.

Деректерді таратушының "Интерфакске" берген мәліметіне сәйкес украиналық зымыран немесе әскери ұшақ Путиннің ұшағын құлатып түсірмек болған. 

"Борт нөмірі 1 және малайзиялық "Боинг" бір нүктеде, бір эшелонда қиылысқан. Бұл жер Варшаваның төңірегі биіктігі 10 100 метр 330-эшелон, Борт нөмірі 1 ол жерде 16:21 мск, "Боинг" 15:44 мск болған", делінген хабарламада. 

"Ұшақтың контурлары бір-біріне ұқсайды, сызықтық өлемдері де бірдей, ал түсіне келетін болсақ, осындай қашықтықта олардың түсі де бірдей секілді көрінді", деп түсіндірді агенттік қызметкері. 

Малайзиялық "Боинг-777" ұшағының Амстердамнан (Нидерланды) Куала Лумпурға (Малайзия) бағытталған рейсі бейсенбі күні Украинаның шығысында апатқа ұшырады. Ұшақ бортында 280 жолаушы, 15 экипаж мүшесі болған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети