18 шілде 2014 10:16

Путин Malaysia Airlines ұшағының апатына Украинаны айыптады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. Фото РИА Новости Владимир Путин. Фото РИА Новости

Ресей президенті Владимир Путин Malaysia Airlines әуе компаниясының "Боинг-777" ұшағының апатына Украинаны айыптап отыр. Бұл туралы Путин экономикалық жиналыста мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей президентінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 


Ресей президенті Владимир Путин Malaysia Airlines әуе компаниясының "Боинг-777" ұшағының апатына Украинаны айыптап отыр. Бұл туралы Путин экономикалық жиналыста мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz Ресей президентінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып. 

"Сөз жоқ, осы қайғылы оқиға қай елдің территориясында болса, сол ел осы апатқа жауапты", деді ресейлік көшбасшы.

"Егер жер бетінде бейбітшілік болса, Украинаның шығысында әскери қақтығыстар қайта-қайта жаңаланбаса, осындай қайғылы оқиға болмас еді" деді президент.

Ресей президентінің айтуынша, ол барлық әскери ведомстволарға осы апатты тексеріп, зерттеуге көмек беруді тапсырды.  

"Сондай-ақ Ресей Федерациясының Үкіметінен барлық азаматтық ведосмтволарды жұмылдыра отырып осы оқиғаның анық-қаныңын тексеруді сұраймын. Біз қолымыздан келгеннің бәрін істейміз. Осы оқиға біздің, Украинаның, бүкіл әлемнің жұмыла әрекет ете алатынын дәлелдеуі тиіс. Бәріміз осы апатқа қатысты объективті ақпарат алуымыз керек", деді Путин.

Жиналыс басталар алдында Ресей президенті Путин және Үкімет мүшелері апатта қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.  

Өз кезегінде Украина президенті Петр Порошенко жолаушылар отырған Boeing-777 ұшағын террористер қағып түсірді деп отыр. "Бүгінде террористер бір-ақ рет атып 300 адамды жер жастандырды. Қаза тапқандардың арасында әйелдер, балалар, әлемнің әр елінен азаматтар болды. Олар 10 100 метр биіктікте Амстердамнан Куала Лумпурға ұшып бара жатқан Malaysia Airlines әуе компаниясының "Боинг-777" ұшағын қағып түсірді", деді Порошенко. 

"Террористер қатарындағы сарбаздың бірі ресейлік кураторына, РФ Қарулы күштері генералдық штабының бас барлау басқармасының полковнигі Василий Геранинге лайнерді қағып түсіре алатынын айтып мақтанғанын айта аламын. Осы апатты террорист-диверсанттар жасап отыр" деді Порошенко. 

"Соңғы күндері Ресей территориясында Украинаның Ан-26 и Су-25 ұшақтары қағып түсірілгелі бері бұл үшінші қайғылы оқиға" делінген хабарламада. 

"Бүгінде бүкіл әлем нағыз агрессордың шынайы бейнесін көрді. Өйткені қарапайым жолаушыларды апатқа ұшырату халықаралық террористік акт болып саналады. Бұл – дүниежүзіне қарсы бағытталған әрекет", деді Порошенко. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети