Талдықорғанда екі қабатты монша кешені өртенді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өртті сөндіруге 40 өрт сөндіруші мен 15 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. Өрт ауыздықталды. Құтқарушылар ғимараттан 23 адамды эвакуациялады.
Өрт ғимараттың шатырынан басталған. 500 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілді.
Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.
Еске салайық, бұған дейін Петропавлда 16 қаңтар күні таңертең спорт мектебінде өрт шыққан еді. Бірнеше минут ішінде жабық футбол манежі жанып кеткен. Ғимарат "Қызылжар" балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне тиесілі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!