02 қыркүйек 2014 17:42

Талдықорғанда әйел адамның таяқ жегені камераға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©youtube.com ©youtube.com

Талдықорғанда ер адамның әйелді ұрып-соққаны камераға түсіріліп, Интернетке орналастырылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. 31 тамызда жарияланған бейнежазбадан екі әйел адам мен бірнеше ер адамның арасындағы жанжалды көруге болады. 


Талдықорғанда ер адамның әйелді ұрып-соққаны камераға түсіріліп, Интернетке орналастырылды, - деп хабарлайды TengrinewsTV. 31 тамызда жарияланған бейнежазбадан екі әйел адам мен бірнеше ер адамның арасындағы жанжалды көруге болады. 

Ұрыс-керістің соңы қол жұмсауға ұласады. Ер адам бірнеше соққы бергеннен кейін әйел қашып бара жатып, тротуарға құлайды. Жігіт оның қасына келіп, зардап шегушіні тағы тебеді. Оқиға орнына полицейлер келіп, бұзақыны ұстайды.

Алматы облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Көбейхан Нұрахметтің хабарлауынша, бұл оқиға 29 тамызға қараған түні болды. Азаматтық некедегі ерлі-зайыпты өзара төбелескен. "Оқиға орнына шақыру бойынша келген жол-патруль полициясының қызметкерлері жанжалға қатысушыларды Талдықорған қалалық ішкі істер басқармасына жеткізді. Жәбірленуші әйел ұсталған ер адамға ешқандай кінә артпайтынын айтып, арыз жазудан бас тартты. Соған байланысты қылмыстық өндіріс қозғаудан бас тартуға шешім шығарылды", - деп хабарлады ол. Дегенмен әйелге қол жұмсаған ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде әйел адамды автобуста ұрып-соққан ер адам бір жылға сотталған болатын. Ол кезде жәбірленуші полицияға шағымданған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети