14 желтоқсан 2017 09:03

Талдықорғанда бірінші сынып оқушысы ұрланды деген ақпарат таратқан үш әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сәрсенбіде, 13 желтоқсанда белгісіз біреулер WhatsАpp мессенджерінде Талдықорғанда Н.Островский атындағы жалпы біліп беру мектебінің маңында бір баланы ұрлап кетті деген ақпарат таратқан. Ұйымдастырылған тексерістен кейін тараған ақпараттың жалған екені анықталды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы облыстық ІІД өкілдері хабарлады.

Жедел-іздестіру шараларының барысында Талдықорған полицейлері баланың ұрлануы туралы жалған мәліметті таратты деген күдіктілерді анықтап, ұстады. Олар облыс орталығының үш тұрғыны болып шықты. Берген куәліктерінде 1971, 1994, 1997 жылғы әйелдер бала ұрлау туралы мәліметтің ойдан шығарылғанын және негізі жоқ екенін айтқан. 

Талдықорған ІІБ сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелген дерек бойынша "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бабымен соталды тергеу басталды. Ұсталғандардың бірі қалалық полицияның уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қалған екеуіне қатысты тергеу барысында "Келу туралы міндеттеме" процесстік мәжбүр шарасы қолданылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети