20 мамыр 2015 10:52

Талдықорғанда Қабанбай батырдың ескерткішін қорлағандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі © Талдықорған әкімінің баспасөз қызметі

Талдықорғанда Қабанбай батырдың ескерткішін қорлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Талдықорғанда Қабанбай батырдың ескерткішін қорлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұзақылық жасағандардың бірі 1989 жылғы Ақсу ауданы, Матай станциясының тумасы, ал екіншісі одан екі жас үлкен Іле ауданы, Боролдай кентінің тұрғыны екені анықталды. Айта кетейік, осыдан бір ай бұрын Youtobe порталында Талдықорғанда орналасқан Қабанбай батыр ескерткішіне екі бірдей азаматтың шығып алып, секіргені жайлы видео пайда болды. Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та бұл оқиға қызу талқыға түсті, алайда оқиғаның осыдан 4 жыл бұрын болғаны анықталды.

"Бұл оқиға 2011 жылдың 25 желтоқсанында болыпты. Достарының үйлену тойында бас қосып, той тарқасымен ішімдік ішуді доғармаған екеуі сылқия мас қалпында ескерткішке шығып алған. Бұзақыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-тармағы бойынша қылмыстық іс ашылған болатын, бірақ ардагерлер кеңесі Қабанбай батырдың ескерткішін қорлаған қаскүнемдерді сабасына түсіру үшін қылмыстық іске қарағанда әкімшілік жаза қолдануды ұсынды", - делінген хабарламада.

Әкімдіктегілердің сөзіне қарағанда, ардагерлер кеңесіндегі ақсақалдар бұзақыларды ескерткішті тазарту бойынша қоғамдық жұмыстарға тарту тиімді болатынын айтып, тәртіп сақшыларына ұсыныстарын жеткізген. Олардың бұл ұсынысы енді заңға сәйкес қаралатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети