Талдықорғанда судьяның ұлы адам қаққан: Оқиғаның мән-жайы

27 Сәуір 2018, 16:01
0
Талдықорғанда судьяның ұлы адам қаққан: Оқиғаның мән-жайы - Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов
Иллюстрациялық сурет © Тұрар Қазанғапов

Талдықорған маңында ұлы адамды қағып өлтірген судьяға қатысты қызметтік тексеріс жүргізілген жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алматы облыстық сотының өкілдері судья Гүлнар Валимованың ұлы Бақтыбай ауылында адам қағып өлтіргені туралы аноним хабарламаны тексермейтінін мәлімдеді. Бұл қол қойылмаған арыз заң бойынша атқаралмайтындығымен түсіндірілді. 

"Аноним өтініш бойынша судья Валимоваға қатысты ақпарат беру туралы сұраныс заңнамалық талаптарға сай емес, өйткені зардап шеккен тараптың да, ұлының адам қағуына қатысы жоқ судья Уәлімованың мүддесіне қатысты", - делінген Алматы облыстық сотының Tengrinews.kz сауалына жолдаған жауабында. 

Сонымен қатар, судья Гүлнар Валимоваға қатысты қызметтік тексеру жүргізілгені де хабарланып отыр. 

"Зардап шеккен тарап немесе тергеу органдары судьяға қатысты ешқандай шағымдары жоқ болғандықтан қызметтік тексеріс өткізілген жоқ", - делінген хабарламада. 

ҚР Жоғарғы соты Судьялар одағының Сот этикасы бойынша комиссия аноним хабарламаны тексеріп, 2016 жылдың қазанында расымен адам өліміне әкелген ЖКО-ға себеп болғанын анықтады. Бұл туралы оның анасы - судья Гүлнар Валимова - Алматы облыстық сотының басшылығына хабарлады. Тесеріс судьяның қылмыстық істі тергеуге ешқандай бөгет жасамағанын анықтаған.

Мұның алдында судьяның ұлы Акмаль Валимов 2016 жылдың 13 қазанында Ескелді ауданының Бақтыбай ауылында Lexus RX-350 көлігімен Қонаев көщесінде Ш. Нысанбаев атты адамды қағып кеткені хабарланған. Полиция мәліметі бойынша, ер адам жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған. 

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-тарау ыбойынша тергеу жүргізілген болатын. 

Акмаль Валимов 2011 жылдың 23 шілдесінен құқық қорғау органдарында жұмыс істейтінін де хабарланған. 2017 жылдың 2 шілдесінде ол Талдықорған қаласының ІІБ тергеушісі қызметінен қылмыстық жауапкершілікке тартылуына байланысты босатылған. Ол полиция лейтинанты шешінде болатын. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай