28 қараша 2021 12:19

Талғар балабақшасында төрт жасар қыз мерт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Талғарда төрт жасар қыз балабақшада пластикалық шарға қақалып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Талғарда төрт жасар қыз балабақшада пластикалық шарға қақалып, қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жазатайым оқиға 26 қарашада Талғар балабақшаларының бірінде болды. Оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды.

Бүлдіршіннің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

"Сот-медициналық сараптама жүргізу кезінде баланың тамағынан қатты пластмасс зат (шар) табылды. Соталды тергеп-тексеру ҚР ҚК 141-бабы 2-бөлігі (Абайсызда жас баланың өліміне әкеп соққан іс-әрекет) бойынша жүріп жатыр. Тергеу бақылауға алынды", - деді облыстың Полиция департаменті өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети