23 қараша 2019 12:25

Талғарда төрт бала иіс тиіп уланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© clubpechnikov.ru © clubpechnikov.ru

Талғарда төрт бала улы газ иісіне уланған. Бұл туралы ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Талғарда төрт бала улы газ иісіне уланған. Бұл туралы ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахмет айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Талғарда екіқабатты көппәтерлі үйде қатты отынмен жылытылатын пештің ақауына байланысты төрт бала (2010, 2013, 2015 және 2017 жылғы балалар) газ иісіне уланды. Балалардың жағдайы бірқалыпты, олар дәрігерлердің бақылауында", - деді Нұрахметов. 

Сондай-ақ, ол СҚО-ның Тимирязев ауданындағы Сулы темір жол станциясындағы жеке үйде жылыту пешінің ақауына байланысты 34 жастағы әйел мен оның 11 жастағы қызы газ иісіне уланғанын айтты. Зардап шеккендердің жағдайы орта деңгейлі ауырлы. 

ТЖ Комитеті қысқы маусымда қауіпсіздік шараларын қатаң бақылауға алуға шақырады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети