14 шілде 2021 10:09

Талғарлық кәсіпкерлер Тоқаевтан көмек сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© inbusiness.kz © inbusiness.kz

Алматы облысында кәсіпкерлер мен мемлекет арасында сот ісі жүріп жатқанына жеті жыл болады. 2012 жылы Талғар ауданының фермерлері Үлкен Алматы айналма жолының (ҮААЖ) құрылысы үшін өз жерлерін Үкіметке сатты. Алайда екі жыл болмай прокуратура келісімшартты бұзып, сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Atameken Business телеарнасына сілтеме жасап.

ҮААЖ бас жоспарына енгізілген барлық жер учаскелері 2014 жылға дейін сатып алынды. Алайда прокуратура тергеу жүргізіп, Талғар ауданындағы 45 адамның жері қайта бағаланды деп мәлімдеп, бұрын төленген өтемақыны қайтаруды талап етті.

"2012 жылы ақша алған кезде, оны қарыздарымыз бен несие төлеуге жұмсадық. 2014 жылдан бері көлікті, есепшоттарды бұғаттап қойды. Төлейтін ештеңеміз жоқ", - дейді фермер Дина Қалабаева.

Телеарна мәліметі бойынша, бұл дауда тек фермерлер зардап шеккен. Әкімдікке де, бағалау компаниясына да талап-арыздар жоқ. Фермерлер прокуратурадан барлық процедураларға қатысуды сұрайды. 

"Біз аудан, облыс прокуратурасы, Бас прокуратура және Мемлекет басшысы осы мәмілені, қадағалау органы, сүйемелдеуін сұраймыз...", - деді кәсіпкер Дмитрий Боденко.

ҮААЖ Талғар ауданында шамамен 150 гектар жерді алып жатыр. Оның ішінде даулы аумақтар 25 гектар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети