17 желтоқсан 2016 13:54

Таразда мерекелік концертке арнайы салынған сахна құлап, Ұлттық ұланның сарбаздары зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда мерекелік концертке арнайы салынған сахна құлап, Ұлттық ұланның сарбаздары зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда мерекелік концертке арнайы салынған сахна құлап, Ұлттық ұланның сарбаздары зардап шекті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешке кешкі уақытта Таразда Тәуелсіздік күніне орай мерекелік концерт өтуі тиіс болған. Қалада кешкі уақытта жел тұрып, салдарынан сахна құрастырмасы құлаған. 

"Жедел жәрдем машиналары Тараздағы №1 қалалық ауруханаға жарақат алған адамдарды жеткізді - Дылюк Юрий, 1996 жылғы, ҚР ҰҰ 5513 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің сарбазы. Диагнозы - жабық бассүйек жарақаты. Бассүйек миына ауыр дәрежедегі зақым келген. Ол жансақтау бөліміне жатқызылды. Әженов Аман, 1997 жылғы, ҚР ҰҰ 5513 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің сарбазы. Диагнозы - бассүйек миының жабық жарақаты, бассүйек миы орта деңгейдегі зақымы. Маңдай сүйегі сынып, бассүйектің негізіне өткен. Жансақтау бөліміне түсті. Бажен Юрий, 1996 жылғы, ҚР ҰҰ 5513 әскери бөлімінің мерзімді қызметінің сарбазы. Жіліншігі мен оң жақ тізе буыны жарақаты. Оны травматолог, нейрохирург және хирург қарады. Амбулаторлық емдеуде. Амангелді Диас, 1998 жылғы. Басына зақым келген. Травматолог қарағаннан кейін, ол амбулаторлық ем алатын болды", - делінген денсаулық сақтау басқармасының таратхан хабарында.

Ведомстводағылар ауруханаға түскендердің динамикасы жағымды екенін, ауруханада қажетті құралдар мен дәрі-дәрмектің барлығы бар екенін атап өтті. 


© Facebook/Жансерік Тургынбек

Ал "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 желтоқсан күні шамамен сағат 17.30-да Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу кезінде Тараз қаласындағы "Достық" орталық алаңында 20 м/с жылдамдықпен соққан дүлей желдің нәтижесінде алаңда орнатылған қорғаныс шебі көтеріліп кетіп, алаңда тұрған адамдарға қарай ұшып кеткен.

"Алаңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз етіп тұрған Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Тараз қаласындағы 5513 әскери бөлімінің сарбаздары өздерінің табандылығымен жедел әрекет етулерінің арқасында қорғаныс шебінің адамдардың үстіне қарай құламауын қамтамасыз етті, нәтижесінде алаңға жиылған халық оқыс оқиғадан аман қалды. Сол жерде Ұлттық ұлан сарбаздары қатардағы Аман Аженов, Юрий Бажин, Юрий Дылюк түрлі дәрежедегі жарақаттар алды", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер. 

Табиғаттың оқыстан пайда болған ахуалы кезінде 5513 әскери бөлім сарбаздары өздерінің қайсарлығы мен табандылығының арқасында бейбіт тұрғындардың жарақат алуы мен жазымтай жағдайларға жол берген жоқ, дейді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, жарақат алған сарбаздарға шұғыл алғашқы медициналық жәрдем көрсетіліп, олар Тараз қаласындағы № 1 қалалық ауруханасына жатқызылыпты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети