1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Таразда төтенше жағдай режимін бұзған жүргізуші видеоға түсіп қалды

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Таразда жол ережесі мен төтенше жағдай режимін бұзған жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Желіде Lada жүргізушісінің жол ережесін ғана емес, елде жарияланған төтенше жағдай режимін бұзған видео тарап жатыр.

Портал мәліметінше, полицейлер Lada 21703 маркалы көліктің 23 жастағы жүргізушісін анықтап, жауапкершілікке тартты. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 601-бабы, 590-баптың 5-бөлігі және 590-баптың 9-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Жамбыл облысының полиция департаменті жүргізушілерді төтенше жағдай режимі кезінде қажеттілік болмаса қалада жүрмеуге шақырады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!