13 маусым 2015 | 11:23

Таразда велосипедпен адам қағып өлтірген қыз полицияға өзі барды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 31.kz © 31.kz

Таразда велосипедпен адам қағып өлтірген бойжеткен полицияға өз еркімен барды, - деп хабарлайды "31 арна". 19 жастағы қыз Тараздағы колледждердің бірінің студенті болып шықты.


Иконка комментария блок соц сети

Таразда велосипедпен адам қағып өлтірген бойжеткен полицияға өз еркімен барды, - деп хабарлайды "31 арна". 19 жастағы қыз Тараздағы колледждердің бірінің студенті болып шықты.

Телеарнаның хабарлауынша, Астанадан Таразға қонаққа келген 32 жастағы келіншекті белгісіз біреу велосипедпен қағып өлтіріп, кейін оқиға орнынан кетіп қалған. Дегенмен, полицейлер студент қыздың қашпағанын айтты. Жедел-жәрдем жәбірленушіні жан сақтау бөліміне алып кетеді. Ешкім кінә артпаған соң велосипедпен адам қаққан қыз бала оқиға орнынан кетіп қалған. "Осы оқиға туралы жаңалықтардан көрген 19 жастағы азаматша ІІБ өзі келіп, кінәсін толықтай мойындады. Ол 1996 жылы туылған Жамбыл облысының тұрғыны. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 104-бабы, 1 -бөлімі "Абайсызда қазаға ұшырату" бойынша іс қозғалды. Ол 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан шектелуі мүмкін немесе сол мерзімге бас бостандығынан айырылады. Қыз қазір тергеу абақтысында, бірақ кейін үйіне жіберілетін болады", - деді Жамбыл облысы ІІД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова. 

Қыздың велосипедті жалға беретін орыннан кешке қарай алғаны белгілі болды.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети