Тараздағы полицейлердің пышақтасуы: ІІД-нің бұрынғы басқарма басшысы ұсталды

19 Тамыз 2017, 13:37
0
Тараздағы полицейлердің пышақтасуы: ІІД-нің бұрынғы басқарма басшысы ұсталды - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Тараздағы полицейлердің өзара пышақтасу оқиғасына қатысты ІІД-нің бүрынғы басқарма басшысы ұсталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ІІМ-нің Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаевқа сілтеме жасап. 

"Жамбыл облысының полицейлері облыстық ІІД басқармасының бұрынғы басшысы М. Үмбеталиевті ұстады. Қазіргі кезде басқарма басшысына қатысты бұлтарпау шарасы таңдалып жатыр", - дейді Сәдубаев. 

Еске салайық, оқиға 2017 жылдың 10 тамызында таңғы 05:30-да "Арай-Плаза" мейрамханасының маңында болған.

Осы уақытқа дейін Үмбетәлиев іздеуде жүрген. Прокуратура мәліметі бойынша, Үмбетәлиевтің әйелі оған қоңырау шалып, өз еркімен берілуін сұраған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай