04 наурыз 2020 15:28

Тәрбиеші баланы сүлгімен ұрып-соққан. Оқиғаның қайда болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Полиция департаменті Ақтөбеде "Чайка" сүйек-туберкулезi балалар шипажайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Полиция департаменті Ақтөбеде "Чайка" сүйек-туберкулезi балалар шипажайында болған оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тәрбиешінің баланы сүлгімен ұрып жатқаны түсірілген видео тараған еді.

"Баланы сауықтыру лагеріне жібердік. Кейін ол жылай бастады, үйге қайтқысы келген. Онда балаларды ұрып-соғатынын айтты. Шынымызды айтсақ, біз оған сенген жоқпыз. Бірақ видеоны жібергенде шошып кеттік. Мекемеде балаларға ешқандай жағдай жасалмаған, балалар еденде жатыр. Құзырлы органдардан қажетті шаралар қабылдауды сұраймын", - дейді ата-аналардың бірі.

Полиция департаментінің мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау") сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети