30 шілде 2018 11:47

Тауда жоғалып кеткен жеті жасар Ернұр Сәдуақастың неден қайтыс болғаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ktk.kz © ktk.kz

Алматы облысында полицейлер тауда жоғалып кеткен жеті жасар Ернұр Сәдуақасты неліктен бірден таба алмағандарын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы облысында полицейлер тауда жоғалып кеткен жеті жасар Ернұр Сәдуақасты неліктен бірден таба алмағандарын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, бала бірінші тәулікте қайтыс болған. Ол кезде нөсер жауын болған еді, бала судың астында қалып, бірден суық тиген. Оның үстіне ол таулы аймақ, температура да қолайсыз. Бала да жұқа киінген екен. Ол қалың боп өскен итмұрын бұталарының арасынан табылды. Таудың шыңы мен етегінің ортасында. Бала қорыққаннан сенделіп, үй мен адамдарды іздеген сияқты", - деді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Сергей Незнаев.

ІІД мәліметінше, Ернұр Сәдуақас Ынтымақ ауылы мен шопанның киіз үйінің аралығындағы жерден табылған, ол сол жаққа қонаққа барыпты. ТЖД мәліметтері бойынша, баланың денесі ол жоғалып кеткен жерден 8 шақырым қашықтықта табылды.

"Біз баланы тірі деп іздегендіктен таба алмадық. Айғайладық, шақырдық. Ол жердегі шөптің қалыңдығы қиындықтар туғызды - итмұрынды тесіп өту мүмкін емес. Біздікілер (қызметкерлер) әр шаршы метрді қарады. Олар тізіліп жүрді", - деп түсіндірді Сергей Незнаев.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ернұр Сәдуақастың жоғалып кеткені хабарланған болатын. Баланың анасының айтуынша, ол ауылдағы туыстарының үйіне қонаққа барған. Бірнеше бала тауға шығып, Ернұр ғана үйге оралмаған. Кейін сол балалар тауда мал бағушылардың бірінің оларға пышақпен шабуыл жасамақ болғанын айтты. Сөйтіп, әбден қорқып қалған олар жан-жаққа жапа-тармағай қаша жөнеліпті. Ернұр болса, жалғыз өзі сайға қарай түсіп кеткен. Содан бері оны тірі жан көрмеген. Кейін ол мал бағушы да тергелген болатын.

27 шілде сағат 17.40-та Жамбыл аудандық ІІБ полицейлері Ынтымақ ауылынан сегіз шақырым жердегі таудан баланың денесін тапты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети