Теміртауда кассаға шабуыл жасаған ер адам он жылға сотталуы мүмкін

05 Қыркүйек 2017, 16:29
0
Теміртауда кассаға шабуыл жасаған ер адам он жылға сотталуы мүмкін - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Теміртауда шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасаған күдікті бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Теміртау қалалық сотына сілтеме жасап. 

Қылмыстық іс жалғасып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Теміртау қалалық соты 30 жастағы күдіктіге қатысты бұлтартпау шаррасын қолдануға үкім шығарды. 

"Қылмыстық қудалау органымен Теміртау қаласының 30 жастағы тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2 бөлігі ("Қарақшылық") бойынша күдікті деп танылды. Сот күдіктіге қатысты екі айға қамауға алу туралы үкім шығарды", - деді сот өкілдері. 

Еске салайық, 27 тамызда Теміртаудағы танымал шағын несие беретін мекемеге қарақшылық шабуыл жасады. Ер адамның әрекеті видеоға түсіп қалған. Кассашы қызбен сәл тілдескеннен кейін ол терезені шағып, кассаға кіріп кетеді. Сосын ер адам 174 000 теңгені алып, шығуға асығады. Қыз оны тоқтатпақшы болады. Алайда ер адам жеңінен үлкен пышақ алып шығып, қорқыта бастайды. Жедел тергеу шаралары барысында күдікті ұсталған. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай