12 тамыз 2014 16:13

Теміртауда күйеуіне ренжіген әйел баласына пышақ салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©aif.ru ©aif.ru

Теміртау қаласында тұратын әйел күйеуінен өш алу үшін төрт жасар баласына екі рет пышақ салды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Ақпарат құралының хабарлауынша, ерлі-зайыпты арасында жанжал болған.


Теміртау қаласында тұратын әйел күйеуінен өш алу үшін төрт жасар баласына екі рет пышақ салды, - деп хабарлайды "Новый вестник". Ақпарат құралының хабарлауынша, ерлі-зайыпты арасында жанжал болған.

Пышаққа жығылған бала аман қалды. Оның анасына қатысты қылмыстық іс қозғалды. 27 жастағы әйел бұл кезде бұрын басқа бір келіншектің денсаулығына нұқсан келтіргені үшін тергеліп жатқан.

Теміртауда жылдың басынан бері 80 бала ересектерден зардап шегіп, оның бесеуі қайтыс болған. Бала тәрбиесі жөніндегі міндеттемелерін дұрыс атқармағаны үшін 74 ата-ана жауапкершілікке тартылды. Ата-аналардың арасында балаларына сағат 23.00-ден кейін көңіл көтеру орындарында жүруге, алкоголь ішуге, бұзақылық жасауға, оқудан қашуға жол бергендері көп.

Бұған дейін осындай оқиғаның Алматы облысында болғаны хабарланған еді. Бір әйел өзінің күйеуі мен оның танысына пышақ салған болатын. Зардап шеккендердің екеуі де мас болған, күйеуі әйелінен спирттік ішімдікке ақша беруді талап еткен. Әйел қарсылық көрсеткен кезде ері оған қол жұмсайды, сол кезде ашулы әйел қолына қару алған.

Ал Семейде бір әйел күйеуіне 8 наурызды мерекелеп жатқан кезде пышақ салды. Ол күйеуіне көңілдесі қоңырау шалған кезде қызғаныштан қарап тұра алмаған.
 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети