НАУРЫЗДЫ ТОЙЛАУ. 19 НАУРЫЗ

Теміртауда тәрбиеші қылғындарған баланың туыстары тағылған айыппен келіспейтінін айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© tengrinews.kz © tengrinews.kz

Теміртауда жекеменшік балабақшалардың бірінде азап көрген қыздың туыстары тәрбиешіге тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Теміртауда жекеменшік балабақшалардың бірінде азап көрген қыздың туыстары тәрбиешіге тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екі жасар қыздың әжесі атышулы видеода туған немересі Нана екенін кеше ғана білген. Ол ролик әлеуметтік желілердер таралып, қолданушылардың назарын аударған еді.

"Мұның барлығын ұмытып, қалай әрі қарай өмір сүруге болады? - деп жылады баланың әжесі Людмила Мантлер. - Мұндайды жауына да тілемейсің. Кеше видеоны көріп, қызыма хабарласып "Баланы осы балабақшадан алып кеткеніміз жақсы болыпты!" дедім. Ол болса: "Ол біздің Нана!" деді. Мен баладан психикалық ауытқуларды байқаған едім. Жұлысатын болған. (...) Меніңше, бұл дегеніміз баланы өлтіруге оқталу!".

Қыз жекеменшік балабақшаға барып жүрген. Онда барлығы 50 бала бар. Людмила Мантлердің айтуынша, ол ондағы тәрбиешілердің балаға дұрыс қарамайтынын бірнеше рет байқаған. Ал балабақша меңгерушісін ол бірде-бір рет балабақшадан көрмепті.

Ал қазір бала басқа балабақшаға барып жүр. Полиция өкілдері өз кезегінде тәрбиешіге қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тәрбиешіге тағылған айып бойынша ол 300 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 240 сағатқа қоғамдық жұмыстарға атсалысу немесе 75 тәулікке дейн қамалуы мүмкін. Алайда қыздың анасының айтуынша, бұл жеткіліксіз.

"Қазір тағылып жатқан айыптар мені қанағаттандырмайды, - дейді қыздың анасы Анна Баркалая. - Мен максималды қатаң жаза тағайындалуын сұраймын. Балабақшаның лицензиясын тартып алсын, осы іске қатысты барлық қызметкер жазалансын".

Сондай-ақ,  "Домик" балабақшасының қалалық білім беру басқармасына бағынышты емес екені белгілі болды.

Еске сала кетейік, мұның алдында Теміртауда тәрбиешінің баланы ұйықтату үшін қылғындырғаны жайлы хабарланған болатын. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 500.67  course up  546.52  course up  6.04  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer