18 наурыз 2014 13:38

Теміртауда іздеу жарияланған екі оқушы үйлеріне келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Теміртауда 15 наурыз күні жоғалып кеткен екі оқушы қыз үйлеріне оралды деп хабарлайды NV.kz порталы. 10 және 12 жастағы екі қыз ата-аналарына ескертпей, автобуспен Қарағандыға барып қайтуды ұйғарған. Облыс орталығында достарының үйінде болғаннан кейін екеуі үйлеріне аман-есен оралды. Бұған дейін хабар-ошарсыз кеткендердің ағайынды ұлдар екені хабарланған еді, бірақ бұл ақпарат бұрыс болып шықты. Жоғалған оқушылар 15 наурыз күні мектепке кеткеннен кейін үйлеріне келмеген. Ата-аналары полицияға келесі күні шағымданды. Балаларға іздеу жарияланған болатын. Осыған ұқсас жағдай өткен жылдың қараша айында Талдықорғанда болған еді. Ата-анасы туысқанына бас-көз бол деп тапсырған жеті жасар қыз бала із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Полицейлер оны үш күннен соң тапты. Тергеудің мәліметінше, оны еш жерде жұмыс істемейтін 36 жастағы ер адам жалдап тұратын пәтеріне алып кетіп, кейін босатқанға ұқсайды. Қыз бала күдіктіні таныды. Тәртіп сақшылары "Адам ұрлау" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети