Тілшілер Мария Фадееваның өліміне қатысты өз болжамдарын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тілшілер Мария Фадееваның өліміне қатысты өз болжамдарын айтты © Facebook

Хоккейші Евгений Фадеевтің әйелі Мария Фадееваны "торт сатып алушылар" өлтірген болуы мүмкін. мұндай болжамды YK-news.kz тілшілері айтты. Олар өз беттерінше тергеу жүргізіп көрген.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Хоккейші Евгений Фадеевтің әйелі Мария Фадееваны "торт сатып алушылар" өлтірген болуы мүмкін. мұндай болжамды YK-news.kz тілшілері айтты. Олар өз беттерінше тергеу жүргізіп көрген.

Құрбысының айтуынша, Мария кулинарияға қатты қызыққан. "Оның қолынан шыққан дәмдерді отбасы ғана емес, достары, таныстары мен басқа да адамдар жақсы көреді. Оның тортының дайындалу мәзірін Астанада ғана емес, біздің қаламызда да кең қолданады. Маша тортқа тапсырыс қабылдап жүрген еді", - деді құрбысы. Ол тапсырыс  Instagram арқылы жинаған.

Қыздың таныстары қылмыскерлердің Марияның қызығушылығын зеттеп алған болуы мүмкін екенін айтты. Олардың болжамынша, қылмыскерлер үйге тапсырыс беруші кейіпінде кірген. 

Сонымен қатар, әлеуметтікжелілерде қылмыскерлердің үйге "Қазақтелеком" немесе "Алма ТВ" қызметкерлері ретінде кіруі мүмкін екені айтылып жатыр. Дегенмен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл жөнінде пікір білдірмей отыр.

Еске сала кетейік, Өскеменде хоккейші Евгений Фадеевтің әйелін белгісіз біреулер өлтіріп кеткен болатын. Қаза тапқан Марияның ағасы Максим Беляевтің айтуынша, ол қарындасымен кездеспек болып, онымен оқиғадан бір сағат бұрын сөйлескен екен. Кейін 30 жастағы әйелдің денесін оның күйеуі тауып алады. "Мен онымен қайғылы оқиғадан бір сағат бұрын сөйлестім. Ол менің өтінішіммен үйінен шығуы керек болған, өз күйеуін күтіп отырған болатын. Оқиға сол кезде болса керек. Қазір бұл туралы айту қиын, сезімімді жеткізе алмаймын. Біз үшін орны толмас қайғы болды. Бес және екі жасар балалары қалды. Маша көңілді адам болатын, ешкімге жамандық тілемейтін", - деді ол.

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети