04 маусым 2022 19:51

"Төбемізден қарап тұр". Аспанда бұлттан пайда болған бейне жұртты шошытты

Видео кадры Видео кадры

Әлеуметтік желілерде аспанда бұлттан пайда болған бейне видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желілерде аспанда бұлттан пайда болған бейне видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видео Instagram және TikTok желілерінде тарады. Видео авторы Сапар есімді ер адам. 

"Екі көз. Көрдің ба? Қарасай міне: екі көзі, мұрны, аузын қара. Көрдің ба?", - дейді видео авторы. 

@user3968112443680

♬ оригинальный звук - Сапар

Видео авторының сөзінше, оқиға Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында болған.

@user3968112443680

♬ оригинальный звук - Сапар

Алайда бұл құбылыс монтаж не монтаж емес екені әзірге белгісіз. 

"Алланың құдыреті шексіз", "Торнадо деп ойлаған мен ғана ма?", "Бұл белгі! Адамдар, мейірімді болайық!", "Төбемізден қарап тұр!", - дейді Желі қолданушылары. 

Мамандар аспанда бейне көру құбылысын парейдолия психологиялық феномені екенін айтады. Парейдолия сөзі гректің para - жақын, қасында, бір нәрседен ауытқу, eidolon - бейне, сурет дегенді білдіреді. Құбылыс кейбір визуалды бейнелерде біз ерекше және нақты нәрсені, мысалы, бұлттардағы адамдардың бет-әлпетін немесе фигураларды байқағанымызда көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети