"Туған күніне жасалған сыйлық еді". Әпкесі қайтыс болған қарағандылық қыз туралы айтты

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Туған күніне жасалған сыйлық еді". Әпкесі қайтыс болған қарағандылық қыз туралы айтты Евгения Леонтьева. Сурет әлеуметтік желіден алынған.

Марқұм Евгения Леонтьеваның туысы секіру талоны оның 33 жасына арналған сыйлық болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ бұл сыйлықты кім жасағанын айтпады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Марқұм Евгения Леонтьеваның туысы секіру талоны оның 33 жасына арналған сыйлық болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бірақ бұл сыйлықты кім жасағанын айтпады.

 Сурет әлеуметтік желіден алынған

"4 қазанда Женяның туған күні болды, ол 33-ке толды. Артында үш баласы қалды: екеуі - өз баласы, біреуі - күйеуінің қамқорлыққа алған жиені. Өмірге құштар, мейірімді жан еді, балаларымен демалысқа барды. Диванда отырғанда, ештеңе істемегенде, бұл жағдай болмас еді. Ол дүкендер желісінде жұмыс істейтін. Бұған дейін екі рет секірді, бәрі жақсы болды, бірақ біз оны көндіруге тырыстық. Ол секіргеннен кейін "қайтадан туғандай боласың" дейтін", - деді Марина.

Желіде оның екі рет сәтті секірген видеосы бар.

Ол секіруге сертификат берген адамды кінәлі санамайтынын және оның атын жарияламайтынын айтты.

"Ұйымдастырушыларды білмеймін, "Fly" компаниясы деп естідім, бірақ ол жерден ешкімді танымаймын. Негізі, басқа жерден секіру керек еді, бірақ "Совзвездие" қонақүйіне ауыстырды. Қазір тергеу жүріп жатыр. Ақпаратты жарияламау туралы қағазға қол қойдық, басқа ештеңе айта алмаймын", - деді туысы.

Қарағандыда секіруді ұйымдастыратын компанияның ұйымдастырушыларының бірі Ресей азаматы екені белгілі болды және жақын танысының айтуынша, ол қазір көрші мемлекетте.

Еске салайық, ҚР Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Күдіктілер 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети