27 маусым 2022 10:09

Түркістан облысында екі шетелдік студент суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі Сурет: ТЖМ баспасөз қызметі

Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Түркістан облысында суға батып кеткен екі шетелдік студентті іздеу жұмыстары жүріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Іздеу жұмыстарын Түркістан облысы ТЖД құтқарушылары жүргізіп жатыр.

2022 жылдың 26 маусымында сағат 20.10-да Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметінің пультіне сағат 16.49-да Төле би ауданының Ханарық ауылынан 5 шақырым жерде орналасқан Ақсу шатқалындағы Ақсу өзенінде 2001 жылғы екі студенттің белгісіз жағдайда суға түсіп, батып кеткені туралы ақпарат түскен.

"21 студенттен құралған топ Шымкентке келген екен. Барлығы Үндістан Республикасының азаматы, Оңтүстік Қазақстан медицина академиясының студенттері. Іздестіру-құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 19 қызметкер, 1 жүзу құралы және 4 техника, Полиция департаментінен 10 қызметкер және 5 техникасы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Түркістан облысы ТЖД өкілдері судағы қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети