Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Түркістан облысында жоғалып кеткен оқушы қыз өлі табылды 30 наурыз 2023, 13:21

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

Түркістан облысында бес күн бұрын жоғалып кеткен 11 жастағы қыз өлі табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 30 наурызда сағат 10:10-да Арыс-Түркістан суару каналында оқиға орнынан 11 шақырым жерде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары жоғалып кеткен қыздың мәйітін судан тауып алып шығарды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, 2023 жылғы 25 наурызда сағат 17:00 шамасында кәмелетке толмаған қыз үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмаған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарына 139 адам мен 16 техника, оның ішінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің квадрокоптері мен жүзу қайығы, Полиция департаменті, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жұмылдырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

  • ПОДЕЛИТЬСЯ

Join Telegram