26 мамыр 2022 15:47

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған түлектер анықталды

Мұхтар Жәмішжанов Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: polisia.kz. Фото: polisia.kz.

Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған түлектер анықталды, жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысында көлік терезесінен шығып алған түлектер анықталды, жүргізуші жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Кеше жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысының полицейлері тәулік бойы өңірдегі тәртіпті қадағалады. Соның ішінде мектеп бітірушілердің көлік картежін ұйымдастыруына жол бермеу бағытында жұмыстар жүргізілді. Оның нәтижесінде бірқатар заң бұзушылық анықталды.

Төле би аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы Леңгір қаласы көшелерінің бірінде BMW көлігінің терезесінен шығып алған түлектерді анықтады. Жол қозғалысы ережесін бұзған жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы (Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.35   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети