13 маусым 2023 14:31

Түркістан облысында мектеп оқушылары жаппай төбелес шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Түркістан облысында мектеп оқушылары футболдан кейін жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында мектеп оқушылары футболдан кейін жаппай төбелес шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиғаны куәгерлер видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге таратқан. Кадрларда бір топ жасөспірімнің басқа топ балаға қарай жүгіріп келе жатқаны, сосын олар төбелескенін байқауға болады. Видеодағы дауысқа қарағанда төбелескен бір топтың ГАЗ-53 жүк көлігімен келгені айтылады. Сипаттамада төбелестің 11 маусым күні Қазығұрт ауылында болғаны айтылған.

"Менің түсінуімше, төрт адам зардап шекті. Олардың бірінің жағдайы ауыр. Полиция бізде мүлдем жұмыс істемейді", - делінген жазбада.

Осыған байланысты Tengrinews.kz редакциясы ақпарат алу үшін облыстық полиция департаментіне жүгінді. Ведомствоның баспасөз қызметі бірнеше минут ішінде жедел түрде жауап берді. Бейнежазбадағы әрекеттер Қазығұрт өңіріндегі ескі ипподромда болғанын мәлімдеді.

"Бейнежазбадағы оқушылар арасындағы бұл оқиға өткен жексенбіде футбол ойнағаннан кейін болған. Тексеру кезінде ауруханаға ешкім бармаған және полицияға мұндай ақпарат түспеген. Сондай-ақ құқық қорғау қызметкерлері төбелес шығарған жасөспірімдерді видеоға түсіріп, сұрақтар қойылды", - деді облыстық полиция департаменті.

Бұл іс Түркістан облысының полиция департаменті басшылығының бақылауында екені хабарланды.

"Қазіргі уақытта полицейлер барлық мән-жайды тексеріп, анықтап жатыр. Осы ретте облыс полицейлері жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар мен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Құрметті тұрғындар, сіздерден тек сенімді ақпаратқа сенулеріңізді сұраймыз!", - деді облыстық полиция департаменті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети