28 мамыр 2021 14:51

Түркістан облысында табылған студенттер екі топқа бөлінгенін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz Фото: gov.kz

Түркістан облысы тауларынан табылған 3 студент құтқарушыларға екі топқа бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы тауларынан табылған 3 студент құтқарушыларға екі топқа бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристің үшеуі екі топқа бөлінген. Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті. Қалған төртеуінің әзірше қайда екені белгісіз.

Түркістан облысында тауда жоғалған жігіттерді іздестіру кезіндегі видео пайда болды
 
Бұған дейін 28 мамырда аэровизуал ұшу барысында Қазавиақұтқару тікұшағымен Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылғаны хабарланған болатын. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жалғасып жатыр. 

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети