Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апаты: турнирге бара жатқан балалар қаза тапқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысындағы жантүршігерлік жол апаты: турнирге бара жатқан балалар қаза тапқан Көрнекі сурет © Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында полицейлер жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапқан жол апатын тергеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлікте жаттықтырушысымен бірге жарысқа бара жатқан кәмелетке толмаған спортшылар болған. Көлікті жаттықтырушының өзі басқарған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысында полицейлер жеңіл автокөліктің үш жолаушысы қаза тапқан жол апатын тергеп жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, көлікте жаттықтырушысымен бірге жарысқа бара жатқан кәмелетке толмаған спортшылар болған. Көлікті жаттықтырушының өзі басқарған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына оқырмандар хабарласты. Олардың айтуынша, апат 22 сәуірде Түркістан облысындағы тасжолдардың бірінде болған. Қаза тапқандар арасында волейбол турниріне бара жатқан Мақтаарал ауданының мектеп оқушылары бар екені айтылды. Сондай-ақ оқырмандар мектеп оқушыларының оқу уақытында жарысқа не себепті жіберілгеніне наразылық білдірді.

Кейін Түркістан облыстық полиция департаменті 22 сәуірде Арыс - Шардара автожолында Chevrolet Cobalt пен "КамАЗ" көліктері жол-көлік оқиғасына ұшырағанын растады. Апат салдарынан жеңіл көліктің үш жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Chevrolet Cobalt жүргізушісі мен тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді. Жүк көлігінің жүргізушісі зардап шеккен жоқ. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Түркістан облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бауыржан Зиятаевтың айтуынша, алдын ала мәліметтер бойынша, кәмелетке толмаған спортшылар тізгінде болған жаттықтырушысымен бірге Түркістанға жарысқа бара жатқан.

"Бұл ретте кәмелетке толмағандарды тасымалдау туралы уәкілетті мемлекеттік органдарға, соның ішінде полицияға хабарланбаған", - деді ол.

Полицейдің айтуынша, қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

"Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданады", - деп толықтырды Зиятаев.

Полиция азаматтарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға және жолда барынша абай болуға шақырды.

Таяуда Ақмола облысындағы "Жолымбет-Пригородное" тасжолында көлік аударылып кетті. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапқан.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 464.73   543.38   6.16 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер