26 мамыр 2020 15:44

Түркістанда блокбекетте жүргізуші полицейлерді балағаттаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысында блокбекетте полицейлерге қарсылық көрсеткен тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысында блокбекетте полицейлерге қарсылық көрсеткен тұрғын анықталды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Дереккөз мәліметінше, блокбекетте тұрған полицейлер Lexus маркалы көлікті тоқтатқан.

"Көлік жүргізушісі полицейге түрлі жаман сөздер айтып, балағаттай бастады. Тәртіп сақшылары жүргізушіден көліктен шығуын, сабырға келуін сұрайды, бірақ тұрғын заңды талаптарға бағынбай, өзінің дөрекі мінезін көрсете бастайды. Осылайша билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару барысында қорлап, аузына келгенін айтқан тәртіп бұзушының іс-әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 378-бабының 1-бөлігі (билік өкілін қорлау) бойынша тіркелді", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Түркістан облысының полицейлері өз кезегінде автокөлік иелеріне жол қозғалысы ережелерін сақтауға, сондай-ақ карантин режиміндегі шектеулерді бұзбауға кеңес береді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети