Әйелін, екі баласын, екі бауырын және анасын травмат қаруымен атып тастаған 30 жастағы Мұхамеджан Исрайылов Түркістандағы ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі аурухана қызметкерлеріне сілтеме жасап.

Ауруханадағылардың айтуынша, ол екі күн бұрын көз жұмып, оны жерлеу рәсімі өтіп қойған. Ал оның шешесі әлі күнге жансақтау бөлімінде жатыр. Туыстарының айтуынша, әйел кейде көзін ашады, бірақ ештеңе айта алмайды екен. Ер адамның 5 жасар ұлы ғана аман қалған. Қазіргі уақытта бала туыстарымен бірге тұрып жатыр.
Еске салайық, Түркістанда бұл қайғылы оқиға 10 қазанда болған еді. Үйде қаза болған төрт адамның денесі мен ауыр жарақатымен үш адам табылған. Соңғылары Түркістанның қалалық ауруханасына жеткізілді. Ал күдіктінің өзі, оның анасы және алты жасар баласы қалалық аурухананың жансақтау бөліміне түскен болатын. "Ауыр қылмысты жасағаннан кейін ол травмат қаруымен өзін-өзі өлтіргісі келді. Қылмыстың тұрмыстық жанжалдан, қызғаныштан болғаны анықталды", - деп хабарлады ОҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова. Алайда марқұмның туыстары оқиғаның басқа мән-жайын айтқан еді.