Түркістанда ер адам қызғаныштан әйелі мен екі бауырын және қызын атып өлтірген

11 Қазан 2015, 10:58
1
Түркістанда ер адам қызғаныштан әйелі мен екі бауырын және қызын атып өлтірген - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Түркістанда ер адам қызғаныштан әйелі мен екі бауырын және қызын атып өлтірген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 10 қазанда Түркістан қаласында болды. "1985 жылғы ер адам қызғаныштен травмат қаруымен өзінің әйелін, екі бауыры мен 2010 жылғы қызын атып өлтірген. Бұдан кейін ол өз-өзіне қол салмақшы болған. Оның 1963 жылғы анасы мен 2009 жылғы ұлы және күдікті қалалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнында полицейлер заттай айғақтарды тәркіледі: 9 миллиметрлі Streamer маркалы травмат қаруы, үш гильза, екі оқ, спорт гантелі және электрошокер.   

Полиция өкілдерінің мәліметінше, бұл дерек Түркістан қалалық ІІБ соталды тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай