Ақтөбеде Land Cruiser жүргізушісі оқушыны қағып кеткен жол апатының жай-жапсары айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Ақтөбеде Land Cruiser жүргізушісі оқушыны қағып кеткен жол апатының жай-жапсары айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда кешке қала орталығындағы жаяу жүргіншілер жолында болған. Сол күні 15 жастағы Әділет Бақытов әпкесіне барған.
"Ол - өте мейірімді, ақылды әрі көңілді бала. 10-сыныпта оқыды. Сол кеште ол маған келді, бізде ит бар, соған қарады. Әрқашан бір жолмен әрі жаяу жүргіншілер жолымен жүретін. Куәгерлердің айтуынша, екі көлік жарысқан, біреуі - ақ, екіншісі - қара. Тротуарға жетуіне бірнеше қадам ғана қалған. Жетпеді. Оны көлік қағып кетті. Қатты соққаны соншалық - аяқ киімі аяғынан ұшып кеткен. Кейін анасы шұлықтарынан таныды: куәгер оқиғаны түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған", - деді қайтыс болған жасөспірімнің тәтесі.
Оның айтуынша, куәгерлер көлік асқан жылдамдықпен келе жатқанын айтқан. Әділет оқиға орнында қаза тапты.
Марқұмның туыстары көлікті облыстық мәслихат депутатының ұлы жүргізгенін айтады.
"Анам әлі сөйлей алмайды, сөйлейтін жағдайда емес. Жалғыз ұлынан айырылды. Жүргізушінің туыстары бізге апат күні де, жерлеу күні де келді. Бірақ біз жүргізушіні түсініп, кешіре алмаймыз: менің жиенім апат болған жерге келіп, оған сұрақ қоя бастағанда, ол балаларға жолды дұрыс кесіп өтуді үйрету керек екенін айтқан. Бұл қалай?! Оның туған күні - биыл 9 қаңтарда. Сол күні еске алу болды, туысқанымыз жерленді. Содан кейін анасы оған 16 жасында міндетті түрде қос мереке жасайтынына уәде берген еді..." - деді ол.
Ақтөбе облысының полиция департаменті жаяу жүргіншіні қағып кеткен оқиға 3 желтоқсанда сағат 21:05-те болғанын хабарлады. Toyota Land Cruiser Prado жүргізушісі Пацаев көшесімен жүріп, жедел жәрдем ауруханасына қарама-қарсы (бұл қала орталығында, облыс әкімдігінің маңында - авт.) жаяу жүргіншілер жолымен өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Жол апаты салдарынан жаяу жүргінші алған дене жарақатынан оқиға орнында қаза болды.
32 жастағы жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция департаменті екі көліктің жүргізушілерінің жарыс ұйымдастырғанын растаған да, жоққа шығарған да жоқ. Барлығы тексеріліп, тергеу жүріп жатыр деп хабарлады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!