10 желтоқсан 2021 16:32

"Ол кінәлі, заң алдында жауап береді". Ақтөбеде ұлы мектеп оқушысын қағып кеткен депутат пікір білдірді

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

nstagram.com/gazeta_diapazon nstagram.com/gazeta_diapazon

Облыстық мәслихат депутаты Бүрихан Беркімбаев Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде мектеп оқушысын қағып өлтірген ұлын ақтамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.


Облыстық мәслихат депутаты Бүрихан Беркімбаев Ақтөбеде жаяу жүргіншілер өткелінде мектеп оқушысын қағып өлтірген ұлын ақтамайтынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 3 желтоқсанда кешке қала орталығындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болған. Сол күні 15 жастағы Әділет Бақытов әжесіне барған. Оның айтуынша, жаяу жүргіншілер жолына бір-екі қадам ғана қалғанда оны көлік қаққан. Соққының қатты болғаны сонша, баланың аяқкиімі ұшып кеткен. Анасы Әділетті шұлығынан әлеуметтік желіде тараған сурттерден таныған.

Кейін Toyota Land Cruiser Prado көлігін тізгіндеген облыстық мәслихат депутаты Бурихан Беркімбаевтің 32 жастағы ұлы екені белгілі болған. Шенеунік ұлын ақтамайтынын, заң бойынша жазаланатынын айтты.

"Иә, көлікті менің ұлым жүргізген. Ертесінде мен отбасына көңіл айтып, жерлеуге қатыстым. Ол кінәлі, заң алдында жауап береді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Мен ұлымды ақтап отырған жоқпын, қалай болғанын айтайын деп едім. Өйткені әлеуметтік желіде әртүрлі нәрсе жазылып жатыр", - деді ол.

Беркімбаев ұлы сол күні кешке жаттығуға кетіп бара жатқанын және сау болғанын айтты, "бұның бәрі сараптамада анықталды". Депутаттың айтуынша, оның мәртебесі жол-көлік оқиғасын жасаған адамның тағдырын еш жағдайда жеңілдетпейді, керісінше қиындатады.

"Ол жерде жарыс болған жоқ, интернетте жазып жатыр. Менің балам жұмыс істейді, үш бала тәрбиелеп отыр, ол жерде қандай жарыс болсын. Апат болғаннан кейін ұлым ешқайда қашпады, бірден жедел жәрдем шақырды. Ол өз кінәсін 100 пайыз мойындап, заң бойынша жазаланатынын айтты. Мен марқұмның отбасын түсінемін, шығынның орнын ешкім толтыра алмайды. Мен жай ғана бұлай болғанын ешкім қаламағанын, бірақ ешкім одан қорғалмағанын айтсам деп едім. Бұл ешкімнің басына келмесін", - деп түйіндеді сөзін Бурихан Беркімбаев.

Марқұм Әділет Бақытовтың туыстары апат болған жерде бейнекамералар барын алға тартады, бірақ олар апат болған кезде жұмыс істемегенін айтты. Марқұм мектеп оқушысының анасы Қазақстан халқына және Елбасына үндеу жолдады. Ол істің объектив түрде зерттелуін және жол-көлік оқиғасының кінәлісін заң аясында жазалауды сұрайды.

Марқұмның туыстары оқиға сәтін көрген куәгерлерден полицияға хабарласуды сұрайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети